100 сұрақ—100 жауап

100 СҰРАҚ—100 ЖАУАП

Қазақстан Тарих
ҰБТ-да келу ықтималдылығы жоғары сұрақтар.
Репост жасап, Стенаңа сақтап қой!!

1. XIX ғасырдың 60 жылдарында Қазақ жерін басқару жүйесін өзгерту үшін құрылған Дала комиссиясын басқарған: Ф.Гирс
2. 1865 жылы 5 маусымда ІІ Александрдың бұйрығымен жүзеге асырылған:Қазақ жерін зерттеу сұрақтарын дайындау
3. Әкімшілік басқару жүйесіне өз пікірлерін ұсынған қазақтың ағартушы-ғалымы:Ш.Уалиханов
4. Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы Ереже бекітілген жыл: 1867 ж. 11 шілде
5. Орынбор және батыс Сібір генерал-губернаторлығындағы Дала облыстарын басқару туралы уақытша Ереже бекітілген жыл:1868 жылы 21 қазан
6. 1867-1868 жж. реформаларға сәйкес, әскери-губернаторлар басқарды:Облысты
7. 1867-1868 жылғы Ережелерге сәйкес әр болыстың құрамындағы ауылдардың ішіндегі шаңырақ саны:100-200
8. 1867-1868 жылғы Ережелер бойынша сот жүйесінің ең төменгі буыны:Билер мен қазылар соты
9. 1867-1868 жылғы Ережелер бойынша сот жүйесінің ең төменгі буыны билер мен қазылар сотын бекіткен:Әскери губернатор
10. 1867-1868 жылғы Ережелердің ең басты ауыртпалықтары: Қазақ жері Ресей үкіметінің меншігі болып жарияланды
11. 1867-1868 жылдары бойынша облыстық басқармалары мынадай бөлімнен тұрды: Шаруашылық, сот, жарлықты іске асыру
12. 1867-1868 жылғы Ереже бойынша салықтан босатылғандар:Шыңғыс тұқымдары
13. 1867-1868 жылғы Ереже бойынша Қазақстанда отырықшы елді мекендерде басқару билігі ақсақалдар қолына берілген облыс: Сырдария
14. 1867-1868 жылғы Ережеден кейін Қазақстанның Закаспий облысына өткен жері:Маңғыстау приставтығы
15. 1867-1868 жылғы Ережелерге сәйкес Иранмен, Қытаймен дипломатиялық келіссөз жүргізуге рұқсат берген әкімшілік:Түркістан генерал-губернаторлығы
16. 1867-1868 жылғы Ережелерге сәйкес қазылар соты сақталған аймақ:Сырдария облысы
17. 1867-1868 жылғы Ереже бойынша облыстар бөлінген әкімшілік буыны: Уезд
18. XIX ғасырдың 60 жылдары қазақ өлкесін реформалауға байланысты Ш.Уалиханов айтқан пікір:Халықтың өзін-өзі басқару негізінде қайта құруды талап етті
19. 1872 жылдан бастап Бөкей Ордасының жері қараған әкімшілік аймақ: Астрахань губерниясы
20. 1867-1868 жылғы Ереже бойынша Ақмола, Семей облыстары кіретін генерал-губернаторлық: Батыс-Сібір
21. 1867-1868 жылғы Ережеге сәйкес уезд бастығын тағайындайтын басшы: генерал-губернатор
22. XIX ғасырдың 60 жылдарында И.И.Бутков ұсынған жоба бойынша қазақ өлкесі мынадай облыстарға бөлінуі тиіс болатын:Батыс, Шығыс
23. Г.А.Колпаковскийдің ұсынысымен Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы Ереже қабылданған жыл: 1868 жылы
24. 1883 жылдан бастап Жетісуда жаңадан қоныс аударушы шаруаларға берілген жеңілдік: Салықтардан үш жылға босатылды
25. Шаруалардың Жетісуға қоныс аударуы туралы уақытша ережені қабылдауға ұсыныс жасады: Колпаковский
26. ХІХ ғасырдың ІІ жартысында қоныс аударушылардың басты бөлігі қоныстанған өлке:Жетісу
27. 1884-98 жылдары Шымкент, Ташкент, Әулиеата уездерінде құрылған орыс-қазақ қоныстарының саны:37
28. ХІХ ғасырдағы көшпелі қазақтарда отырықшылықтың кең тарауына себепші болған: Орыс, украин шаруаларының қоныстануы
29. Хиуа ханы Мұхамед-Рахымның қазақтарға жасаған жойқын шабуылы:1820 жылы
30. Хиуа ханы қаңыратып кеткен қазақ ауылдарының саны:2000 жуық ауыл
31. 1817 жылы Сүйік Абылайханұлының патша үкіметіне жасаған мәлімдемесі: Қарамағындағы рулардың Ресей құрамына өтуді қалауы
32. 1821 жылы Орта Азия хандықтарына қарсы Ұлы Жүздегі шаруалар көтерілісін басқарған:Тентектөре батыр
33. Ресей бодандығын 1817 жылы бірінші болып қабылдаған Ұлы жүздің руы:Жалайыр
34. Қапал бекінісі салынды:1847 жылы
35. Ұлы Жүзді басқаратын пристав тағайындалған жыл: 1848 жылы
36. 1825 жылы өз жерлерінде сыртқы округ ашуға келісім берген Ұлы Жүздің руы:Үйсін
37. Ресейдің экономикалық және саяси мүдделеріне орай көз тіккен аймақтары: Жетісу мен Іле өңірі
38. Қаскелең өзені бойындағы Қоқан хандығының бекінісі: Таушүбек
39. Ұлы Жүздегі Қоқан хандығының тірегі Таушүбек бекінісін орыс әскерлерінің қантөгіссіз басып алған жылы:1851 жылы 7 шілде
40. 1853 жылы Ресейдің қол астына алынған қоқандықтардың бекінісі:Ақмешіт
41. 1854 жылы көктемде құрылған бекініс:Верный
42. Ұлы Жүздің приставтығы Қапалдан Верныйға ауыстырылған жыл:1855 жыл
43. ХІХ ғасрдың 60 жылдары Верныйда тұрған ғалым, саяхатшы: Ш.Уалиханов
44. Кенесарының баласы Сыздық бастаған топ қарсы күресті: Ресей патшасына
45. 1860 жылы 19-21 қазанда қоқандықтар мен орыс әскерлері шайқасқан жер: Ұзынағаш
46. 1860 жылғы Ұзынағаш шайқасының тарихи маңызы:Жетісудың Қоқан езгісінен құтылуына ықпал етті
47. Верный бекінісінің негізін қалаған отрядты басқарған:М.Перемышельский
48. Ресейден Верныйға қоныс аударушылар арасында аталған облыстан шыққандар басым болды: Воронеж облысы
49. ХІХ ғасырдың 50-60 жылдары Орта Азия үшін Ресейдің басты бәсекелесі: Англия
50. 1864 жылы көктемде Ресей үкіметі басып алған бекініс:Түркістан
51. Орта Азияның ірі саяси экономикалық орталығы Ташкентті орыс әскерлерінің басып алған жылы: 1865 жыл
52. 1866 жылдың басында орыс әскерлері басып алған Орта Азия хандығы:Бұқар хандығы
53. 1868 жылы қаңтар айында келісім бойынша Қоқан хандығына қарасты жерлер аталмыш генерал-губернаторлыққа бағындырылды:Түркістан
54. 1812 ж. Отан соғысы кезінде ел достығы рухын көтеруге ат салысып, жауға қарсы күш жұмылдыруға шақырған старшын: Б.Тілекұлы
55. Бородино шайқасындағы ерлігі үшін күміс медалмен марапатталған жауынгер: Майлыбайұлы
56. Веймар, Ганау және Майнадағы Франкфурт қалалары түбінде ерлікпен шайқасты: Жанжігітұлы, Байбатырұлы
57. 1837 жылы Александр княздің патшалық қабылдауында болған 1812 жылы Отан соғысына қатысқан жауынгер: Н.Жанжігітұлы
58. Тұз өндіруші қазақтардың 1812 жылғы соғыс кезінде орыс әскерлеріне жинаған қаржы мөлшері:22 000 сом
59. 1805-1806 жылдары Ресейдің Ю.Головкин бастаған елшілігіне сауда байланыстарын реттеу міндеті жүктелген мемлекет: Қытай
60. Найман руының сұлтаны Құдаймендінің Петербургке баласы Ғабдолланы жіберудегі мақсаты:Жәміш бекінісі арқылы Шыңжаңға керуен тартуға рұқсат сұрау
61. ХІХ ғасырдың басында Қытай көпестерінің сауда жасайтын орталықтарының бірі: Бұқтырма
62. ХІХ ғасырдың басында Қытайға өтетін сауда керуендерінің тоналуына шек қою мақсатында үкімет қабылдаған шешім:Қарулы казактар бөлінді
63. ХІХ ғасырдың І ширегінде Шыңжаң мен Қазақстан арасындағы экономикалық байланыстарда басты роль атқарған Қазақстан қалалары: Петропавл, Семей
64. Ресейдің Шыңжаңның базар-жәрмеңкелерінде сатылатын тауарлары:өнеркәсіптік дайын бұйым
65. ХІХ ғасырдың І жартысында Қазақстан арқылы Тибетпен байланыс жасауға бастама көтеріп, зор мән берген: Генерал-лейтенант Г.Глазенап
66. Бірде-бір адам аяғы баспаған Үлкен Тибетке жеткен грузин көпесі: С.Мадатов
67. Кашмирде болып, 250 кашмир шәлісін Қазақстанға жеткізген көпес: С.Мадатов
68. Қазақстанның шекаралық бекіністері арқылы өтетін керуендерге баж салығы көбейтілген мерзім: ХІХ ғ. 30 жылдары
69. ХІХ ғасырда Қазақстанда жәрмеңкенің басты дамыған өңірі:Ақмола облысы
70. 1897 жылғы халық санағы бойынша халық ең көп қоныстанған ірі қалалар: Орал, Верный
71. 1851 жылға дейін Ресей мен Цин империясы арасындағы сауда байланыстары осы қала арқылы жүзеге асырылды:Кяхта
72. Ресей мен Қытай арасындағы Құлжа келісіміне қол қойылды:1851 жылы
73. 1855 жылы Шыңжаң мен Қазақстанның сауда байланыстарының уақытша тоқтатылу себебі:Шәуешектегі орыс көпестерінің сауда орындары талан-таражға салынды
74. 1881 жылы Ресей мен Қытай арасында болған шарт:Петербург келісімі
75. ХІХ ғасырдың 2 жартысындағы орыс-қытай экономикалық қатынасындағы белді оқиға: Іле су жолының ашылуы
76. 1883 жылы ашылған Іле су жолының Шыңжаңдағы соңғы нүктесі:Сүйдін
77. Ресейдегі Ірбіт жәрмеңкесі, Қазақстандағы Қоянды жәрмеңкесі сияқты ХІХ ғасырдың соңында Жетісуда ерекше көзге түскен жәрмеңке:Қарқара
78. 1890 жылы Шыңжанмен сауданы дамыту үшін ашылған сауда округі: Семей сауда округі
79. 1891 жылы Ережеге сай құрылған жергілікті мұсылман тұрғындарының ісін қарайтын төменгі сот буыны: Халық соттары
80. 1891 жыл 25 наурыздағы Ереже бойынша құрылған Дала генерал-губернаторлығына кірген облыстар: Ақмола, Семей, Жетісу
81. ХІХ ғасырдың аяғында өз еркімен өндіріс орындарын тастап кеткен жұмысшыларға қолданылатын жаза: 3 ай абақтыға жабу
82. Ұйғырлар мен дүнгендердің Қазақстанға қоныс аудару себебі: Цинь өкіметі қысым көрсетті
83. Ұйғыр халқының дүние жүзілік мәдениет қорына жататын туындысы: Он екі мұқам
84. А.С.Пушкин Оралда қағазға түсірген поэма: Қозы Көрпеш Баян Сұлу
85. 1841 жылы татарша-орысша білім беретін мектеп ашылған хандық:Кіші Орда
86. ХІХ ғасырдың І жартысында Каспий теңізінің жағалауын зерттеген ғалым: Г.Карелин
87. Шаруалар толқуына қатысқаны үшін Махамбет қамауда отырған жыл: 1829 жылы
88. 1824-1829 жылдары М.Өтемісұлы тұрған қала: Орынбор
89. ХІХ ғасырдың І жартысындағы Қазақстан жайлы құнды еңбектер жазған орыс ғалымы:Левшин
90. ХІХ ғасырдың І жартысында шығармашылығында суырып салма өнерді одан әрі дамытқан ақын: Шернияз
91. ХІХ ғасырдың І жартысында Шернияз ақынның әдебиет саласына қосқан жаңалығы:Суырып салма өнерді жетілдірді
92. Махамбет Өтемісұлы өмір сүрген жылдар:1804-1846 жылдары
93. ХІХ ғасырдың І жартысындағы айтыс өнерінің жүйрігі, Қаракәстек жерінде дүниеге келген ақын:Сүйінбай Аронұлы
94. Түркістан статистикалық комитеті ашылған жыл:1868 жыл
95. ХІХғасырдың ІІ жартысында Қазақстанда ашылған тұңғыш қоғамдық кітапхана:Семейде
96. Семей облыстық статистикалық комитетіне мүше болған ұлы ақын: Абай
97. Орынбор губернаторы Крыжановскийдің Ресейдің шығыс бөлігіндегі мұсылмандықпен күресу жөніндегі шаралары жарияланған жыл: 1867 жыл
98. Тұңғыш қазақ мұғалімдік мектебі ашылған қала:Орск
99. ХІХ ғасырдың ІІ жартысында Сырдария мен Жетісу облыстарындағы оқу орындарының қызметін қадағалау тапсырылған генерал-губернаторлық: Түркістан
100. ХІХ ғасырдың І жартысында Қазақстанда теңізде жүзу ісін меңгертетін мектеп ашылған қала:Атырау

Репост жасап, Стенаңа сақтап қой!!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *